Жасанды интеллект комитеті құрылады - Үкімет

Жасанды интеллект комитеті құрылады - Үкімет
ашық дереккөз
Жасанды интеллект комитеті құрылады - Үкімет
Елімізде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жанынан жаңа ведомство құрылады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Ведомство «Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті» деп аталады. Бүгін online.zakon.kz сайтына Үкімет басшысының қаулысы жарияланды.
Қаулыда: «ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Геодезия және картография комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын»,- делінген.
Айта кетейік, жуырда ғана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әлемге танымал ChatGPT жасанды интеллектісінің қазақша нұсқасы көпшілікке таныстырылған еді.

Ұқсас жаңалықтар