- Advertisement -

Басты міндет – халық денсаулығын жақсарту

69

- Advertisement -

Облыс халқына 388 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді. Соның ішінде, 26 аурухана, 6 қалалық емхана, 10 орталық аудандық емхана, 5 ауылдық емхана, 122 дәрігерлік амбулатория, 53 ФАП, 158 МП, 2 санаторий мен басқа да 6 денсаулық мекемесі бар.

Облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының құрылысы жобалау-сметалық құжаттамадағы түзетулерге және сметалық құнның ұлғаюына байланысты ағымдағы жылы пайдалануға берілмекші. Сонымен қатар 2021 жылы 8 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілген. 6 нысан күрделі жөндеуден өткен. Материалдық — техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджет есебінен медициналық құрал-жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға 2,2 миллиард теңге қаржы бөлініп, 144 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Осы және өзге де мәселелер облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібектің төрағалығымен өткен «Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы, аймақта 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылға қойылған міндеттер туралы алқа мәжілісінде жан-жақты қаралды. Онда денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев баяндама жасады.

Өңірдің бас дәрігерінің айтуынша, денсаулық сақтау саласының 2021 жылғы жалпы бюджеті 128,8 миллиард теңгені құраған. Өткен жылдың қорытындысымен игерілген бюджет қаражаты – 128,4 миллиард теңге, яғни 99,9 пайыз болыпты. Одан бөлек республикалық бюджет қаражаты есебінен 2,0 миллиард теңге көлемінде 1 дана «Сызықты үдеткіш» сатып алынды. Нәтижесінде, облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – 88,1 пайызды құрап, 2,7 пайызға өсіп отыр. Былтыр 8,66 миллиард теңгеге дәрілік заттар жеткізілген. «Коронавирустық инфекция» нозологиясы бойынша өткен жылы 76,3 миллион теңгеге амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар жеткізіліп, 8 572 науқас қамтамасыз етілді.
– Бүгінде облыс бойынша барлығы 15 472 медицина қызметкері бар. Оның ішінде 3 377-сі дәрігер болса, 12 095-і орта медицина қызметкерлері. Дәрігерлер тапшылығы 2020 жылмен (305 бірлік) салыстырғанда 1,7 есе төмендеген, дегенмен дефицит сақталуда. Есепті кезеңде 169 бірлік (88 қала, 81 ауыл) болды. Зейнет жасындағы дәрігерлер саны бірқалыпты. Жалпы медико-демографиялық көрсеткіштердің жағдайына тоқталсақ, табиғи өсім көрсеткіші 3 пайызға өссе, туу көрсеткіші 7,6 пайызға ұлғайған, – деді басқарма басшысы.
Жиында 2022 жылы алға қойылып отырған міндеттер де айтылды. Атап айтқанда, Байзақ ауданында 250 келушіге арналған емхана құрылысын жүргізу, жалпы сомасы 2,4 миллиард теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуы кезек күттірмейді. Жалпы құны 3,6 миллиард теңгеге 20 нысан құрылысын салу көзделген. Биыл сондай-ақ «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 3 нысанның (Жайлаукөл, Аңырақай, Жиделі) құрылысы жүргізіледі.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 1 нысанның (Жаңатеріс) құрылысы басталады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 8 нысан (Отар, Сенкібай, Бірлік, Қызылқайнар, Оразалы батыр, Айша бибі, Андас батыр (ауылдық аурухана және ауылдық емхана) күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.
Жиын соӊында Дәулет Жамаубайұлы басқарма басшысы Ә.Қалиевтің есебіне қанағаттанып, салада өткен жылы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Ол республика бойынша индикаторлардың орындалу деңгейі жоғары болғандығын атап өтті. Жұмыс барысында бірқатар кемшіліктерге жол берген бас дәрігерлерге ескерту жасап, алдағы уақытта атқарылар тірліктер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support