- Advertisement -

Қылмыс деңгейі төмендеп келеді

10

- Advertisement -

Күн санап аумағы кеңейе түскен көне шаһарда қылмыс деңгейі едәуір төмендеген. Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 19,4, қоғамдық орындарда жасалған құқықбұзушылықтар 19, мас күйінде жасалған бұзақылықтар 8,6, кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған қылмыстар 28,1, бірнеше адамдар тобымен жасалған қылмыстар 13 және қару қолданумен жасалатын қылмыстар 53 пайызға төмендеген. Осылайша, өткен жылы облыс орталығындағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 15 пайызға бәсеңдеген.

Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында қоғамдық кеңестің хатшысы Сәкен Қондыбаев осылай деді. Оның айтуынша, қаладағы қауіпсіздік мәселесін қалт жібермей қадағалау үшін 400-ге жуық тәртіп сақшысы қызмет етеді. Нәтижесінде, шаһардағы қылмыстық құқықбұзушылық бойынша жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші де көңіл көншітерлік. Мәселен, тонау, бұзақылық, пәтер, қалта ұрлығы, ұялы телефон мен мал ұрлықтары секілді азғындықпен айналысқандардың жолы кесіліп, бұл қылмыстарды ашу деңгейі бұрынғыға қарағанда артқан.

– Бүгінгі таңда облыс орталығындағы 13 тірек пункттерінде 68 учаскелік полиция инспекторлары тұрғындарға лайықты қызмет көрсетуде. Учаскелік инспекторлар өткен жылы 22,8 пайызға тең құқық бұзушыларды әшкерелеп, тараздықтардың арыз-шағымын қанағаттандырған. Айта кетейік, есепті кезеңде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың саны арта түсті, – деді ол.

Ал, Тараз қалалық жергілікті полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Арман Тоқбергенов отбасылық тұрмыстық қатынас саласында қылмыс саны 43,8 пайызға артқанын мәлімдеді. Учаскелік полиция инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында 1700-ге жуық отбасылық дебоширді есепке алса, осы санаттағы құқық бұзушыларға қатысты азаматтарға 109 ерекше талап белгілеген. Жалпы, бұл кезеңде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 2 мыңнан астам тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support