- Advertisement -

Қағаз жүзінде құрылған үйлестіру орталықтары бар

77

- Advertisement -

 

Шектеу шараларына шекесінен қарап, талаптарды сақтамаудың салдары оңай соққан жоқ. Апта соңында «сары аймаққа» өткен Тараз қаласының қатарына Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандары да қосылды. Өзге аудандардағы ахуал да аса жақсы емес. Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен өткен коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы туралы кеңес отырысында осы мәселе ашық сынға алынды.

Өңіріміз жұқпалы вирустың таралуымен сырқаттанушылық  деңгейі бойынша «жасыл аймақта » болғандықтан шектеу шаралары біршама жеңілдетілген еді. Ал бұл жағдай шағын кәсіп иелеріне өз ісін жандандыруға берілген мүмкіндік болғаны жасырын е м е с . Алайда талаптың жеңілдегенін басқаға жорып, арқаны кеңге  салғандар сақтықты ұмытып, түнімен кафелетіп, қызық қуып жүргендер көбейді. Нәтижесі осы. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев 21 қаңтарда КВИ-дың 19 жағдайы тіркелгенін айтады. Тәуліктік өсім 0,4 пайызды құрап отыр.

Басқарма басшысының айтуынша, соңғы апта ішінде өңірде тіркелген КВИ көрсеткіші – 157. Апталық өсім 3 пайызға жеткен. Ең көп жағдайлар 3 аймақта, яғни Тараз қаласында – 95 (өсім 3,8 пайыз), Шу ауданында 13 (өсім 3,4 пайыз) және Жамбыл ауданында 12 (өсім 4,5 пайыз) жағдай тіркеліп отыр. Қалған аудандардағы жағдай бірқалыпты.

– Жедел жәрдемді шақыртулар саны соңғы 2 аптада артқаны байқалады. КВИ себептері бойынша шақыртулар саны 395-тен 549- ға 1,3 есе (154 жағдайға) өсіп отыр. Пневмония себептері бойынша шақыртулар саны 73-тен 84-ке, 15 пайызға өсіп отыр. 8-21 қаңтар аралығында ш а қ ы р т у 4 , 1 п а й ы з ғ а ж о ғ а р ы л а ғ а н . І н д е т т і ң басқа өңірлерде өршуіне байланысты облыста қосымша 2000 төсек-орынға резерв жасақталып жатыр, – деді Әсет Әскерұлы.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, стационарлар мен амбулаторлық емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталған. Бірыңғай дистрибьютормен с т а ц и о н а р ш е ң б е р і н д е о бл ы с т ы ң м ед и ц и н а л ы қ ұйымдарына 7 миллиард теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілді. Оның ішінде коронавирустық инфекциясын емдеуге және алдын алуға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың құны – 1,2 миллиард теңге.

БАС ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ЕСКЕ САЛУ ҚАЖЕТ

Дәрі-дәрмектің қажетті қоры бары жақсы, әрине. Алайда облыстағы бірқатар емдеу мекемелері былтырғы алған тапсырыстарының қарызын әлі төлемепті. Ең көп берешегі бар облыстық көпбейінді аурухана болып шықты. Онлайн режимде өткен жиында Ержан Жұматұлы аурухананың бас дәрігері Аб а й Н ұ р ж а н о вт а н о с ы олқылықтың себебін сұрады. Әу баста сатып алу кезінде жоспар дұрыс жасалмады ма, әлде дер кезінде дәрі-дәрмекті жеткізіп алсақ болды деді ме, бас дәрігердің сөзіне сүйенсек, қоймада жатқан дәрілер әлі пайдаланылмағандықтан, о н ы ң қ а р ж ы с ы н б е р е алмай отырған көрінеді. Жайшылықта, бұл жауап оңды уәж саналар ма еді, бірақ қазіргідей кезеңде «жеті рет өлшеп» барып шешім қабылдамаса, уақыт кемшілікті кешірмейтіні анық. Осыны айтқан облыс әкімінің орынбасары басқарма ба с ш ы с ы н а қ а р ы зда р ы н уақтылы қайтармаған емдеу мекемелері басшыларының жауапкершілігін қарау үшін ұсыныс беруді тапсырды. Бас дәрігерлердің жауапкершілігін е ске с а лу қажет екенін ескертті.

Ержан Жұматұлы «СҚ Ф а р м а ц и я » Ж Ш С — н ы ң облыст ағы өкілі Айжан Қабдыбекқызынан тегін м е д и ц и н а л ы қ к ө м е к т і ң кепілдік берілген көлемінің ш е ң б е р і н д е б е р і л е т і н д ә р і — д ә р м е к т е р д і ң ке ш жеткізілу себебін сұрады. Келісімшарттардың уақтылы жасалмағанын сынға алды.

КЕРЕГІ – ЕСЕП ЕМЕС,

НАҚТЫ НӘТИЖЕ

Өңір «Жасыл аймақта» тұрғанымен кей аудандардағы э п и д е м и о л о г и я л ы қ ахуалдың күрт нашарлағаны ойландырады. Шектеулердің жеңілдетілгенін жақсыға ж о р ы ғ а н қ а р а п а й ы м жұртшылық қана емес секілді. Мониторингтік топтар да өз жауапкершіліктерін ұмытып, тек есеп берумен шектеліп отырғандай әсер қалдырады. Ж и ы н д а о бл ы с т ы ң б а с мемлекеттік санитариялық дәрігері Салтанат Әлібаева 1-21 қаңтар аралығында мониторингтік топтардың мүшелері 214 рейд жүргізіп, 988 объектіні тексеріп, 62 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырғанын, нәтиже сінде 10 164 810 теңге сомасына 61 айыппұл салынғанын мәлімдеді. Бірақ, жұртты талапты сақтауға шақырған іс-шаралар аса жақсы нәтиже көрсетпей тұр. Оның бір ғана көрінісі – бір аптада «сары аймаққа» енген аудандар санының артқаны.

– Жалпы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына с ә й к е с , м о н и т о р и н г т і к т о п т а р д ы ң ж ұ м ы с ы н д а ү й л е с т і ру о рт а л ы қ т а р ы құрылғаны белгілі. Ал бірақ бүгінге дейін Тараз қаласы мен Т.Рысқұлов, Қордайдан б а с қ а ауд а н д а р д а б ұ л орталықтардың жұмысы тек қағаз жүзінде қалып отыр, – деді Салтанат Қордабайқызы.

Б а с с а н и т а р и я л ы қ дәрігердің сөзі бақылаудың босаңсып кеткенін көрсетеді. Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев жұртты талапты сақтауға шақыра а л м а й о т ы р ғ а н а уд а н басшыларының жұмысын сынға алды. Шын мәнісінде, мониторингтік топтар бақылау шараларын жүрдім-бардым атқарып жүргені байқалады. « Мо б и л ь д і к т о п т а р д ы ң құрамын жаңарту қажет. Оларға жұрттың көзі үйренгені сонша өзара келісімге келе бастапты. Бақылаушы топ деп сенім артқан жауаптылар к ә с і п ке р л е р г е ө зд е р і н е қарай тексерушілер бара жатқанын айтып, белгі де беріп қоятын болыпты. Ал келісімге келе алмағандарға керісінше, барып тексеріп, айыппұл салады екен. Мұндай бассыздықты қою керек. Өз ісін жүргізіп отырғандарға талапқа сай жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, сақтық ш а р а л а р ы н о р ы н д ауд ы міндеттеген жөн. Бізге керегі есеп емес, нәтиже», – деді Ержан Жұматұлы.

Осындай олқылықт ар о р ы н а л ғ а н с о ң , сырқаттанушылық деңгейі ең жоғары Тараз қаласындағы мониторингтік топтың құрамы жаңғыртылыпты. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев айтып өтті. Қаладағы бақылау жұмыстары, 3-4 рет айыппұл салынып, е с к е р т у ж а с а л ғ а н ы н а қарамастан жұмысын талапқа с а й ж ү р г і з бе й о т ы р ғ а н мейрамхана, кафелердің бар екені қозғалды. Жамбыл ауданындағы алаңдатарлық жағдай да сөз болды.

Ж ұ қ п а л ы і н д е т т і ң таралуын мейлінше тежеп, аурудың алдын алу үшін тиісті жұмысты дұрыс үйлестіру керек. Сырқат жандарды емдеп, қатарға қосу қажет. Жиынның түйінді сөзі осы болды.

                                                                                                   Ардақ Үсейінова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support