- Advertisement -

Таразда бұрынғы перзентхана инфекциялық аурухана болып қайта ашылады

86

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс барысымен Тараз қаласындағы денсаулық сақтау нысандарын аралады. Ең алдымен аймақ басшысы Тараздағы көпбейінді аурухананың инфекциялық блогының жай-күйін барлады.

Кезінде перинаталдық орталық болған ғимарат біраз уақыт бос тұрған еді. Енді қазір мұнда күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Жоба бойынша, мұнда 200 төсек орынған арналған инфекционды стационар болмақ. Қазіргі уақытта 100 медициналық функционалды кереует сатып алынды.

Сондай-ақ, қан газдары мен электролиттерді анықтауға арналған бір автоматты анализатор, оттегі станциясы, компьютерлік томограф, 50 медициналық функционалды кереует және 30 реанимациялық төсек сатып алу көзделіп отыр.

Мердігер «Талас-құрылыс» ЖШС бүгінде жұмыстың 90 пайызын аяқтаған. Ішіндегі коммуналдық желілерді толығымен жаңартыпты. Ғимаратты аралап шыққан Бердібек Сапарбаев нысанның маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Ертең індеттің екінші толқыны бола қалған жағдайда біз дайын болуымыз керек. Мына ғимарат арқылы науқастарға көмек беру қауқарымыз артады. Ең бастысы сапалы жұмыс атқарылуы керек. Бұл жөндеу жұмыстарына немқұрайлы қарауға болмайды»,- деп ескертті облыс әкімі.

Аймақ басшысы сондай-ақ аурухана ауласын көгалдандыруға да мән берді. Мердігер барлық жұмыстарды 17-ші қарашаға дейін аяқтауы тиіс. Бердібек Сапарбаев сондай-ақ, көп бейінді аурухананың негізгі корпусына да арнайы барды. Палаталарды аралап, емдеу мекемеснің материалдықтехникалық жабдықталуын өз көзімен көрді. Аймақ басшысына жақында ғана келген үш түрлі өкпені жасанды желдету аппараттары көрсетілді. Бір ерекшелігі, аурухананың өзінде оттегі станциясы бар. Сол арқылы іштегі концентраторлар науқастарға қажетті оттегі көлемін беруге қауқарлы.

Облыс әкімі емдеу мекемесінің тіркеу орнына келіп, түскен науқастан алынған ПТР-сынама қанша уақытта дайын болатынын сұрады. Ондағы қызметкер соңғы алынған нәтижені қағаз бетіне шығарып көрсетті. Оған сәйкес, таңертең алынған сынаманың нәтижесі түстен кейін шығатыны көрсетілген.

Бердібек Сапарбаев аурухананың дәрі-дәрмек қорын тексерді. Оған жауапты қызметкерлер қазан айына қажет болған дәрілік заттар толығымен жеткізіліп, қазір қараша айына берілген тапсырыстар жеткізіліп жатқанын айтты. Кей дәрілік заттардың — 1,5, ал кейбірінің 3-4 айға дейін жететін қоры бар екен.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support