- Advertisement -

Жамбылдық өрт сөндірушілер 200-ге жуық омартаны оттан аман алып қалды

72

- Advertisement -

Жамбыл облысы Байзақ ауданында екі тұрғын үйдің ауласын шарпыған тілсіз жаудан өрт сөндірушілер 200-ге жуық араның ұясын аман алып қалды.

«101» телефон нөміріне Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Ақбаев көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында шөпхана өртенгені жөнінде хабарлама келіп түскен. Бұл жайында ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға орнына Байзақ аудандық өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігімен 5 адам жеке құрам шұғыл жөнелтіліп, шақырту орнына небәрі 4 минутта жеткен. Сонымен қатар аталған оқиға орнына шұғыл түрде Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігімен 10 адам жеке құрам көмекке келіп, кезекшілікке өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері де оқиға орнынан табылған.

Өкінішке қарай, тұрғындардың кеш хабарласуына байланысты өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін аулада тұрған «Зил 131» маркалы жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігі және кабинасы зақымдалған. Ал шөпханада жиналған 400 түк шөп (8 тонна), сондай-ақ 15 дана омарта (араның ұясы) өрт салдарынан жойылған. Сондай-ақ қызыл жалын көрші орналасқан тұрғын үйге де жайылып, ауласындағы бастырма мен дәретхана өртке оранған. Дегенмен от жауынгерлері тілсіз жаумен арпалысып, тұрғын үйлерді және өзге 200-ге жуық араның ұясы мен мал қора, тауық қораларды өрттен аман алып қалды. Бір қуанарлығы — өрттен зардап шеккен ешкім жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. Жалын шарпыған аумақ — 200 шаршы метр. Өрт сағат 18.40-та ауыздықталып, сағат 19.07-де өрт жойылған.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support