- Advertisement -

Шетелге демалысқа шыққан ресейліктердің 90% коронавирусты Түркияда жұқтырған

63

- Advertisement -

Шетелде жүріп коронавирус жұқтырған ресейліктердің 90% жуығы Түркиядағы демалыстан оралғандар, деп хабарлады дүйсенбі күні Роспотребнадзор басшысы Анна Попова РФ үкіметі жанындағы Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында. Бұл туралы ТАСС агенттігіне хабарлады.

«1 тамызда Түркиямен шекара ашылғаннан кейін елге 1,5 млн-ға жуық адам оралды. Біздің ортақ мониторингте вирусқа шалдыққандардың 10 мыңнан көбі, яғни 90% Түрік Республикасынан келген адамдар. Сол себепті мұны талқылап, қажетті шара қолдану керек», — деді Попова.

Бұған дейін Ресейдің коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі жедел штабы пандемияға байланысты шекараны қайта жабуды ұсынбайтынын хабарлады.

Ресей әуе қатынасын алғашқы болып үш мемлекетпен жандандырған болатын. Олардың қатарында Түркия бар. 2020 жылдың 1 тамызынан Ұлыбритания және Танзаниямен халықаралық әуе байланысы қалыпқа келтірілген болатын

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support