- Advertisement -

Еліміздің төрт облысы КВИ бойынша қолайсыз өңір қатарына еніп үлгерді

50

- Advertisement -

Еліміздің төрт облысы коронавирус инфекцисының таралуына байланысты қолайсыз аймақтар қатарына енді. 

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметі бойынша, еліміздің төрт аймағы коронавирустың таралуына байланысты қолайсыз өңірге енді.

Олардың ішінде:

Шығыс Қазақстан облысы «қызыл зонаға» түсіп үлгерді (соңғы тәулікте мұндағы науқастар өсімі 226 жағдайды құрады)

Павлодар (бір тәулігіне ауру өсімі — 40 жағдай), Солтүстік Қазақстан (тәулігіне +34) және Ақмола облыстары — «сары зонада» (тәулігіне +28).

Қазақстанның барлық аймақтары үш зонаға бөлінеді: қызыл, сары және жасыл аймақтар.

«Қызыл аймаққа» 100 мың тұрғынға шаққанда 50-ден астам жағдай келетін елді-мекендер кіреді. «Жасыл аймаққа» — 100 мың адамға шаққанда 50 жағдайдан азы енеді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support