- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев коронавируспен күреске барлық ресурсты жұмылдыруды тапсырды

58

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев барлық қаржылық және инфрақұрылымдық ресурстарды жұмылдыруды тапсырып, қауіпті инфекция өрши түскен жағдайда барынша дайын болуға шақырды.

Облыстық жедел штабтың кезекті отырысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев медициналық мекемелер 100 пайыз дайын екенін айтты.

Облыста 2530 төсек-орын жасақталған, оның 253-і жансақтау бөліміне тиесілі. Медициналық мекемелерде өкпені жасанды желдетуге арналған 253 құрал, 706 оттегі баллоны, 542 оттегі концентраторы, 1009 импульстік оксиметр, 19 цифрлық рентген аппараты, 10 компьютерлік және 7 магниттік-резонанстық томограф бар. Жақын арада тағы 74 ӨЖЖ, жеті компьютерлік томограф, төрт цифрлық рентген аппараты, төрт оттегі станциясы, сондай-ақ 74 бірлік жедел-жәрдем көлігі, сегіз жылжымалы медициналық кешен, 100 көпфункционды төсек жеткізіледі деп күтілуде.

Бердібек Сапарбаев барлық реанимациялық төсектерді ӨЖЖ аппаратымен қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыстың бас дәрігері амбулаториялық деңгейде де, стационарлық деңгейде де дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар екенін жеткізді.

Жалпы, 4 410 медицина қызметкерін тарту жоспарланып отыр. Оның ішінде 882 дәрігер, 1764 орта буын медицина қызметкерлері және сонша кіші буын медицина қызметкерлері бар. Облыс әкімі мен С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетінің ректоры арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында қосымша 150 маман тартылмақ.

Өңірде жеті ПТР зертханасы бар. Міндет – зертханалық зерттеулердің тиімділігін, ПТР зертханаларының саны мен сыйымдылығын арттыру.

Облыс әкімі әлі де мобильді топтардың жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізді.

«Өкінішке орай, коронавирустық инфекция қаупі әлі жойылған жоқ. Біз нақты және дәйекті түрде әрекет етуіміз керек. Тұрғындар немқұрайлылық танытқан сайын, коронавирусты жеңу мүмкін емес. Халық үйлену тойлары мен мерейтойларды өткізуді тоқтатпай отыр. Мұндай фактілерді анықтауы тиіс мобильді топтар ешқандай мардымды шара қолданып жатқан жоқ, рейдтерді тек есеп үшін жүргізуде», — деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев кездесуге қатысқан дәріхана желілері өкілдерін жағдайдын кез-келген бағытта өршуіне дайын болу керектігін, туындап отырған мәселелер туралы ашық айтуға шақырды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support