- Advertisement -

Коронавирус: 84 науқастың жағдайы ауыр

33

- Advertisement -

Елімізде коронавируспен ауырған 84 науқастың жағдайы нашар.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 022 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 72 бала бар. Стационарларда 2 030 науқас жатыр. 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», — делінген COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.

Ал кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияға қатысты 34 жағдай және 1 науқас өлімі тіркелді. Оған қоса 23 адам емделіп шықты.

Сондай-ақ, өткен түнде 61 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Ал 74 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support