- Advertisement -

Үндістанда вирус жұқтырғандар саны 7 мил-нан асты

40

- Advertisement -

COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны Үндістанда жексенбі күні 7 млн-ға жетіп, әлем бойынша коронавирустан ең көп зардап шеккен АҚШ-тағы көрсеткіштерге жақындап қалды. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, өткен тәулікте 75 мыңнан астам вирус жұқтырған.

Бұл ретте вирус жұқтырғандар санының өсімі тәулігіне қыркүйектегі 100 мыңнан 70 мың адамға дейін кеміген. Соған қарамастан Үндістан әлемде вирус жұқтырғандардың саны жағынан бірінші орында тұр. Осы уақытта 108 мыңнан астам үндістандық COVID-19 вирусының құрбанына айналды.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырушылар саны өсімінің төмендеуіне байланысты жағдайды үндістандықтардың жаңа жылы — Дивали мерекесіне дейін бақылауға алуға мүмкіндік туады деген үмітте.

Биыл аталмыш мереке 14 қарашада өтеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support