Қазақстанда электр энергиясының тарифі қымбаттады

Қазақстанда электр энергиясының тарифі қымбаттады
ашық дереккөз
Қазақстанда электр энергиясының тарифі қымбаттады
 width= Қазақстанда электр энергиясының тарифі 6,6 пайызға қымбаттады. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-тамызында елімізде 69,8 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді. Алдынғы жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға көп. Ақшаға шаққанда электр энергиясын өндіру, беру және тарату 787 млрд теңгені құрады. Өңірлік шекте әдеттегідей Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары электр энергиясын көп өндірген. Ал осы жылдың қыркүйегінде елімізде электр энергиясының тарифі өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 6,6 пайызға қымбаттады. Баға өсімі әсіресе Батыс Қазақстан (1 жылдың ішінде 19,9 пайызға өсім), елорда (15,5) және Шымкент (10,1) тұрғындарыне қатты байқалды. Ал Ақмола облысында электр энергиясы 0,9 пайызға арзандап отыр.

Ұқсас жаңалықтар