Белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың бейнежазбасы табылды
Белгілі ғалым, қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі Әуелбек Қоңыратбаевтың бейнежазбасы табылды, — деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы.
Телеарна тілшілерінің мәліметінше, бейнежазба өткен ғасырдың 80-ші жылдары түсірілген. Ұлт зиялысы көрермендер арасынан көзге шалынады. Бейнетаспа иесі, ғалымның ұлы Тынысбек Қоңыратбаев оны аса құнды жәдігерге балайды.
Әуелбек Қоңыратбаев — қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі. Оның үлкен табыстарының бірі — «Ежелгі түркі тайпалары поэзиясы және қазақ фольклоры» тақырыбындағы докторлық диссертациясы. Бұл еңбек өзінің құндылығымен Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, Бейсенбай Кенжебаев сынды ғалымдардың назарына ілігіп, жоғары бағасын алған.
Comments are closed.