Samsung Galaxy S7 смартфонын 21 ақпанда ұсынады

58

20160202021329Оңтүстік Корея елінен шыққан технологиялық алпауыт Galaxy S7 және Galaxy S7 edge смартфондарының жалпақ жұртқа ұсынылу мерзімін атады. Көптен күткен гаджет Барселонада өтетін MWC көрмесінің қарсаңында көпшілікке ұсынылады.

Осы ретте компания YouTube сайтында небәрі 14-секундтық тизерді жариялап, бүкіл әлем көруге асығып отырған смартфондардың ұсынылатын күнін жария етті. Мұнымен қоса, роликтен компанияның виртуалды шындыққа арналған VR-көзілдірігін көруге болады. Соған қарағанда, бұл көзілдірік жетілдіріліп, роликтерді 360 градуста көрсететін деңгейге жеткен болуы мүмкін, деп жазады iphones.ru-ға сілтемемен 24.kz.

Comments are closed.