Жамбылдық теннисшілер олжалы оралды
Алматы қаласында теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста бақ сынаған Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спортшылары өздерін биік тұғырдан көрсетті. Аралас жұптық жекпе-жекте Харки Искандер екінші орын алды. Және жұптық ұлдар құрамасы жекпе-жегінде үшінші орын иеленіп, қос медаль иегері атанды.
Сондай-ақ, Харки Абдул-Мажид, жұптық ұлдар ойынының үшінші сатысынан көрініп, қола медаль иегері болды. Жамбылдық теннисшілердің табысты өнері талайды тәнті етті.
Әшірәлі КЕНЖЕҒАРА,
Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері
Comments are closed.