- Advertisement -

Туған тілдің тұғыры

33

- Advertisement -

Мемлекеттік тіл – елдің мерейі, ұлттың абыройы. Ол насихат жасаудан бұрын,іс-әрекет арқылы көрініс табатын аксиома.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде қазақ тілінде сөйлесуі – осы сөзіміздің бірден-бір көрінісі. Бұл жалпы қазақстандық қоғамда ғана емес, халықаралық саяси аренада қызу талқыға түскені сондықтан. Жалпы, саясаттанушылардың бұл оқиғаға деген тұжырымы оң. Сарапшылардың пікірі «Мемлекеттің дербес тіл саясаты қазақ тілімен байланысты, Қазақстанда орыс тіліне құрметпен қараса да, қазақ тілін дамыту, қолдану басты мәселе болып қалады», деген көзқарасқа қарай ойысты.

Тіл – халықтың рухани негізі. Ел еркіндігін танытатын басты күш. Жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші құрал. Мемлекеттік тілді білу – қоғам қажеттілігі болған жағдайда ғана ортақ көзқарас, тең тұжырым қалыптасады. Мемлекеттік тіл өмірдің барлық саласында қолданылса, аясы да кеңейе түсетіні түсінікті.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттілігімізді айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Тіл меңгеруде еркіндік пен теңдік берілгендіктен, қанша тіл білуге талап қылса да, шектеу жоқ. Бірақ, бұл мемлекеттік тілге деген құрметті еш төмендетпейді.

Жалпы, қазақ тілі басқа елде мемлекеттік тіл мәртебесіне ие бола алмайтыны түсінікті. Сондықтан, елімізде ана тіліміздің мерейі үстем болуы тиіс. Елдің де, тілдің де Отаны – Қазақстан. Ал, тілдің негізгі қызметі – халықты біріктіру. Мемлекетіміздегі бірлік пен берекенің кепілі болу.

Мемлекеттік тілдің үздіксіз даму процесі отандық білім беру жүйесіне тікелей байланысты. Білім саласында жүргізіліп отырған реформалардың бір өзекті саласы – тіл мәселесі болуы да сондықтан.

 

Ғалия ШОНАТАЕВА,

Т.Рысқұлов аудандық «Тілдерді оқыту» бөлімшесінің меңгерушісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support