- Advertisement -

Ғайни Әлімбекқызы – «Алаш» сыйлығының иегері

30

- Advertisement -

Бүгін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ақын, журналист Ғайни Әлімбекқызы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бұл туралы әлеуметтік желіде әріптесіміз, «Таraz 24» телеарнасының директоры Зарина Қуатова фейсбук парақшасында бөлісті.

– Ғайни Әлімбекқызы — өмірін ақындық пен тележурналистикамен қатар өрнектеген сыршыл ақын. Марапатыңыз құтты болсын, абыройыңыз арта берсін, ардақты әпкем!, — делінген жазбада.

Айта кетейік, Ғайни Әлімбекқызының «Қарлығаш», «Жүрегімдесіңдер менің», «Ақша бұлттар арасында арман бар», «Көңілімде боздап тұрды бозінген» атты жыр жинақтары өлеңсүйер оқырманның оң бағасын алған.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support