- Advertisement -

Бізден де бір ұсыныс болса…

36

- Advertisement -

Тараз қаласында салынып жатқан №15 шағынаудандағы тұрғын үйлерді әр отбасы 15-20 жылға несиемен 15-20 миллион қаржыға алуда. Сол үйлер жаңбыр жаңбыр жауса төбесінен аққан судан қабырғасы жарылып, су ағатын арықтары да жоспарланбаған.

Одан бөлек, «Анаға тағзым» орталығы мен Айша бибі ескерткішінің қуыршақтай ғана кішкентайлығы бар. Мен қаламыздан Әбу Насыр әл- Фараби, жыр алыбы Жамбылдың ұстазы Сүйінбай Аронұлына, республикамыздың үш облысын басқарған, мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровқа, көрнекті жазушы Шерхан Мұртазаға еңселі ескерткіш тұрғызылғанын қалаймын.

Бір байқағаным, бүгінде газет таралымы түсіп кетті. Осыған орай, аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, таралымды көбейтуге атсалыссақ. Ауылдардағы мектептің ұстаздары газет оқиды ма екен, осы туралы сауалнама жүргізілсе құба-құп болар еді. Басылымдарға жаздыруға облыстық білім басқармасы қол ұшын созса дұрыс.

Біз облыстық ата басылым «Aq jol» редакциясының тілшілеріне Тараз, Қаратау, Шу, Жаңатас қалаларының алдағы жоспары, атқарылып жатқан іс-шаралары туралы әкімдерімен сұхбат жүргізсе деген оқырмандардың тілегін жеткізгіміз келеді. Одан бөлек. түрлі мектеп, көше атаулары туралы мақалаларды жиі жарияласа деп ойлаймыз.

 

С.Болатбеков, М.Саяқов.

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support