Ағымдағы жылдың басынан бері Жамбыл облысы аумағында мал ұрлығы деректері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға (50-ден 38 дерекке) азайған. Орын алған 38 мал ұрлығының қазіргі уақытта 22-сі ашылды.
Соның ішінде ауыр санаттағы мал ұрлықтарының саны 10 пайызға (30-дан 27 дерекке) төмендеген.
Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар 26 тұлғаға қылмыстық іс қозғалған. 7 адамнан тұратын 3 қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді.
Сонымен қатар әккі ұрылардың бұрын жасаған ұрлығы бойынша 15 қылмыс ашылды.
Comments are closed.