ТАРАЗДЫҚ ӘЙЕЛДІҢ МОЙНЫНАН АЛТЫН АЛҚА ЖҰЛЫП ӘКЕТКЕНДЕР ҰСТАЛДЫ

2

Тараз қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан ықшам аудандардың бірінде белгісіз адамдардың құны 200 000 теңге болатын алтын алқасын мойнынан жұлып, белгісіз бағытқа қарай бой тасалағаны туралы хабарламасы түсті.

Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының 23 және 21 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады. Олардың бұрын алаяқтық және ұрлық деректерімен сотты болғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Олардан айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

 

 

Comments are closed.