- Advertisement -

Таразда жайнамазды тепкен бапкерге қатысты күтпеген жайттың беті

367

- Advertisement -

Таразда жайнамазды тепкен бапкерке қатысты жаңа деректердің беті ашылды. Бейнежазбадағы жекткіншектердің ата-аналарының айтуынша, бапкердің дәл осындай әрекетке баруына балалардың өзі себепкер болған екен. Көпшіліктің алдында ұятқа қалған ата-аналар жасөсіпірмдер үшін бапкерден кешірім сұрап, оларды интернаттан шығарып әкетіпті. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Таразда жайнамазды тепкен бапкердің кінәсіз екені анықталды

Кадр КТК арнасынан алынды

Рассказать Вконтакте

Аз уақытта желіде кең таралып, көпшіліктің ашуын туғызған бейнежазбадағы балалардың бірі – Шу, екіншісі Қаратаудан екені белгілі болды. Ал ата-аналары ұлдарының намазға жығылғанынан бейхабар екен. Сондықтан желіге тараған видеоны көріп өздері де аң-таң болыпты. Сондай-ақ олар балаларының қулығы үшін қатты қынжылатынын жеткізіп, мұсылман қауымы мен жаттықтырушыдан кешірім сұраған.

«Балаларының теріс ағымда оқып жатқандығын айтты. Дер кезінде жаттықтырушы көріп тоқтатқаны және видео түсіріліп жатқан кезде намаз уақытының болмағандығын, үштің кезі екенін мойындап отыр«, — дейді Жамбыл облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп интернаты директорының орынбасары Ердос Әкімов.

Оның айтуынша, бір жылдан бері негізгі құрамға іліге алмай жүрген қос шәкіртке соңғы сыннан сүрінсе интернаттан шығу қаупі төнген. Бұған бапкерді айыптаған жасөспірімдер оны аяқтан шалуды мұқият ұйымдастырған көрінеді. Екеуі қызу қанды жаттықтырушының теориялық сабағына қатыспай, оның бөлмеге келуін күтіпті.

Алмат Баетов жасөспірімдердің адасып жүргендерін әу баста байқап, өзгелердің санасын уламауды ескерткен екен. Бірақ оған шәкірттері пысқырып та қарамаған.

«Теріс қылығымнан, діни сауатымның аздығын көрсетіп қойдым. Ашу-ызаға беріліп, теріс әрекетіме бой алдырып қойдым. Сол себепті мұсыламан қауымынан кешірім сұраймын. Ата-анадан, жамағаттан. Шын жүрегімнен кешірім сұраймын, кешіріңіздер мені. Өте өкінішті, өкініш өзекті өртеп барады»,-дейді бапкер Алмат Баетов.

Айта кетерлігі, футболшыларды баптаған Алмат Баетовпен қоса, облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары да қызметінен кеткен еді. Десе де қасиетті төсенішті таптау төңірегіндегі дау мұнымен бітпейтін тәрізді. Қазіргі таңда болған жайтқа қатысты арнайы топ құрылып, тексеру жүріп жатыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support