- Advertisement -

Кубада мобильді интернет сынақтан өтті 

311

- Advertisement -

Куба телекоммуникациялық компаниясы ұялы телефон пайдаланушыларына интернет қызметтерін көрсету бойынша сынақ өткізді.

Сейсенбі күні 5 миллионнан аса тұтынушыға сегіз сағат бойы ғаламторға тегін қосылуға мүмкіндік берілген. Ал компания өкілдері тақауда елді қызметтің осы түрімен толық көлемде қамтитынын мәлімдеді. Жалпы осы күнге дейін Куба әлемдегі интернет желісі нашар дамыған елдердің бірі болып келді. Аралда ғаламторға кіруге мүмкіндік беретін Wi-fi орындары болғанмен, тұрғындарының басым бөлігі үйінде интернетке қосыла алмайтын.

Хелен Сантандер, Гавана тұрғыны:

— Үйден ғаламторға қосылып, қалағаныңша сөйлей аласыз, әрі бөтен біреулер әңгімеңізді тыңдамайды. Ал көшеде құлаққап тақсаңыз да, айтқаныңызды бәрі естиді.

24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support