- Advertisement -

Түркияда қамауда болған грекиялық сарбаздар еліне оралды 

218

- Advertisement -

Наурыз айынан бері Түркияда қамауда болған екі грекиялық жауынгер Отанына оралды.

Эврос ауданында кезекшілікте жүрген осы екі сарбаз ауа райының қолайсыздығынан адасып, Түркия аумағына кіріп кеткен еді. Шекарадан заңсыз өтті деген айыппен, екеуін түрмеге қамаған. Таяуда Эдирне сотының үкімімен олар бостандыққа шықты.

Панос Камменос, Грекия ұлттық қорғаныс министрі:

— Елдің премьер-министрі, үкімет пен бүкіл грек халқының атынан жауынгерлерімізді құшақ жайып қарсы аламын. Олардың босатылуы Грекия мен Түркия арақатынасының жаңа кезеңі деп білемін. Халықтарымыздың жарқын болашағы үшін қос ел тату болуы керек.

24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support