- Advertisement -

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

185

- Advertisement -

Бүгінде Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылу үстінде. Өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің бастамасымен қолға алынған бұл жұмыс өте жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Саябақта Ұлы Отан және Ауғанстан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған мұражай бой көтеретін болды. Сондай-ақ онда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 68 мыңға жуық жамбылдықтың есімдері қашап жазылған «Даңқ» аллеясы мемориалды композициясы да салынады деп күтілуде.
Осыған байланысты қазір Ұлы Отан соғысына қатысқан жамбылдық жауынгерлердің есімдері жергілікті басылымдарға жарияланып, олар жайындағы кейбір мәліметтер іздестіріліп, тізімді толықтыру жұмыстары жүргізілуде. «Ақ жол» демократиялық партиясының аймақтық филиалы облыс әкімінің осы бастамасын қолдап, тізімде жоқ майдангерлер туралы деректер жинауда. Бірінші кезекте біз соғысқа қатысқан аталарымыздың тізімде бар-жоғын анықтап, олар туралы мәліметтердің дұрыс-бұрыстығына көз жеткіздік.
Сонан соң «Кошмамбетов и К» ЖШС қызметкерлері арасында аталған бастама туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жекелеген азаматтарға, атап айтқанда А.Бөгенбаевқа, Н.Выдринаға, Ш.Жақсылықовқа кеңес берілді. Қазіргі таңда тізімге ілінбей қалған он шақты жауынгердің есімдері анықталып, ұсынылуда. Олар: Торғай Кульбаев, Тұрыс Жаманқұлов, ағайынды Керімхан, Нұртай Абдрахманов, ағайынды Алиш және Қасқа Серікбаевтар, Мүтай Кудияров және тағы да басқалар. Ақжолдықтар осы игі бастаманы әрі қарай жалғастыра бермек.
Сонымен қатар біз партияның құрылғанына 16 жыл толуына орай Т.Рысқұлов атындағы саябаққа 15 түп арша ағашын отырғызып, демалыс орындарын қайта көркейту бастамасына үлес қостық. Сүйікті қаламызды көркейтуге атсалысқан партия ардагерлерінің арасында Шернияз Тауанов,Өмірбай Сабыров, Төлеуғазы Нұрмұхамбетов және бюро мүшелері Жолдықұл Тоғанбаев, Сергей Смирнягин, Нұрлан Өтелбаев, Шалқар Жақсыбаевтар бар.

Сейсекүл Әбдусаттарова,
«Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support