- Advertisement -

Сарапшы ақшаны қайда және немен сақтаған жақсы екенін айтып берді

147

- Advertisement -

Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забеллоның ойынша, қазір ақшаны АҚШ долларына қарағанда теңгемен сақтаған анағұрлым пайдалы. Соңғы кезде мемлекет адам­дарды ақшаны ұлттық валютамен сақтауға үйретуге ұдайы тырысып келеді, бірақ спикердің айтуынша алдағы уақытта қазақстандықтарды ақшасын теңгемен сақтауға үгіттеудің керегі болмайды.

– Адамдар ақшасын доллармен ұстаудың экономикалық тиімсіздігін ұққан соң оларды жинақтаған қаражатын теңгемен ұстауға көндірудің қажеті болмайды. Ресейде бұл 2 жыл бұрын болды. Қазір ресейліктер долларлық салымдар мен долларлық бағаларды ұмытты. Бұл ел басының айтуымен іске асқан жоқ, ұлттық валютадағы салымдар бойынша табыстың біршама жоғарылығы себебінен іске асты. Депозит бойынша нақты табысты санау үшін банк ұсынған пайыздан жылдық инфляция пайызын алып тастаңыз. Мысалы, өткен жылы банктер орта есеппен депозиттер бойынша 14% берді, ал жылдық инфляция пайызы шамамен 7%-ды құрады, яғни мұндай депозит ұстаушыда нақты табыс 7%-ды құрады. Және бұл өте жақсы нәтиже, ал валюталық салыммен сіз ең көп дегенде 2% табыс табасыз, – деп атап өтті Дмитрий Забелло.
– Табыспен түсінікті. Ал өз ақшаңызды сақтау немесе жеке тұлға ретінде де, ұйым ретінде де қызмет көрсету қорқынышты емес банкті қалай таңдауға болады? Өйткені, біз банкілік секторда өзгеріс болып жататынын байқаймыз.
– Банкті таңдағанда бірінші кезекте оның кредиттік рейтингін бағалау қажет, рейтингті халықаралық рейтинг агенттіктері береді. Кредиттік рейтинг банктің өз салымшылары, серіктестері және клиенттері алдында өз міндетін орындауға қаншалықты дайын екенін көрсетеді. Рейтинг қаншалықты жоғары болса, банкке деген сенім де соншалықты жоғары болады.
– Ал сіздің банкіңіздегі жағдай қалай?
– Қазіргі сәтте Банк ВТБ (Қазақстан)-ға S&P агенттігі Қазақстан банктері арасындағы ең жоғары «ВВ+» рейтингін берді. Біз екінші жыл болды бизнестің рентабельділігін арттыруға бағытталған даму стратегиясын жүзеге асырудамыз. Біз көпшілік үшін оңай болмаған 2017 жылдан да жаман өткен жоқпыз. Біз пайда таптық және үш бизнес желісін: бөлшек қызмет көрсету, ШОБ және ірі инвестициялық бизнесті қайта қаржы жұмылдырдық. Қазір басты назарды бөлшек бизнеске аударып отырмыз, ол бойынша өткен жылы біз сату көлемін 3,5 есе ұлғайттық. Бүгінде біз халыққа өнімдердің толық желісін ұсынудамыз: кредит беру, депозиттер, банк карталары, шоттарға қызмет көрсету және т.б. Сонымен қатар біз технологияларды белсенді дамыту үстіндеміз, бүгінде көптеген операцияларды біздің клиенттеріміз үйінен шықпастан интернет-банкинг көмегімен орындай алады. Жуырда елдегі ең заманауи мобильді банкингтердің бірін іске қосамыз.
– Айтпақшы, кредит беру туралы. Сіздер халыққа кредит беруді қаншалықты белсенді жүзеге асырудасыздар? Ел ішінде ВТБ тек заңды тұлғаларға арналған банк деген пікір бар.
– Өткен жылы біз бөлшек кредит беруге ерекше көңіл бөлдік. «Қолма-қол ақшалай кредиттер» және ипотека, әсіресе «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық кредит – біздің флагманымызға айналды. Біздің тұтынушылық кредит нарығындағы талаптарымыз өте тиімді және біз бұл бағытты белсенді дамытудамыз.
Өнім туралы толығырақ ұялы телефоннан 5050 нөмірі бойынша білуге болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support