- Advertisement -

Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға сотталды

136

- Advertisement -

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты үкім шығарды.

Айыпталушы 2004 жылы «ТұранӘлем»банкінің (БТА-банк) басшысы Ержан Тәтішевты өлтірді деп танылып, 10,5 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді.

Барлығы Ержан Тәтішевтың өліміне қатысты сотта 132 куәгерден жауап алынды. 80 жуық куәгер сотқа қатысқан. Қылмыстық істің материалдары 79 томды құрады.

Мемлекеттік айыптаушылар Мұратхан Тоқмадиді 12 жылға соттауды сұраған болатын.

8 наурыз күні кешке Мұратхан Тоқмади Тараздағы облыстық ауруханадан қашып кеткен. Бірнеше сағаттан кейін ол ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылды.

Бұрын хабарланғандай, Мұратхан Тоқмади 2017 жылдың қазанында бопсалау мен қарудың заңсыз айналымы үшін үш жылға сотталған болатын.

Түрмеде отырған Мұратхан Тоқмади 2004 жылы «ТұранӘлем» банкінің (БТА-банк) басшысы Ержан Тәтішевты Мұхтар Әблязовтың өтініші бойынша өлтіргенін мойындады.

aqjolgazet.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support