- Advertisement -

Головкин Қазақстанды қалай сыйлайтынын көрсетті

122

- Advertisement -

WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) жанкүйерінің мемлекеттік туға қолтаңба қалдыру өтінішінен бас тартты.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода, Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихаты кезінде сахнаға беттеп бара жатқан GGG-ға жанкүйері қолтаңба қалдыруын өтінгенін көруге болады. Қазақстандық боксшы қолтаңба қалдырудан бас тартып «Қыздар, туға болмайды, болмайды», — деп түсіндірді. Алайда, жанкүйер онымен тоқтап қалмай «Гена, өтінемін» — деп айқайлады. Боксшы ары қарай қазақстандық жанкүйерлерінің сәлемін алып, қол алысып амандасты.

Айта кетейік, Головкин мен Канело реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Дереккөз: alashainasy.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support