- Advertisement -

Америкалық жүйе Астанаға да келді

104

- Advertisement -

Astana LRT компаниясы мектеп оқушыларын тасымалдау бойынша «Мектеп bus» пилоттық жобасын бастады.

Компанияның мәлімдеуінше, аталған жобаны жүзеге асыру арқылы мектеп тасымалындағы бірыңғай стандарттың болмауы, оқушылардың қоғамдық көлікте келеңсіз оқиғаларға ұшырауы, таңғы уақытта кептелістің туындауы сынды бірқатар мәселені шешуге болады. Мектеп оқушыларын тасымалдауға қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай келетін жаңа ыңғайлы автобустар – 17 жолаушыға арналған  Iveco Daily және 58 орындық Iveco Crossway қолданылады.

Жобаға  сәйкес, қаланың бірнеше бөлігінде балаларды жинайтын пунктілер белгіленеді. Оқушыны шығарып салушы баланы көлікке әкеліп, қауіпсіздік белбеуін тағуы тиіс. Көлік балаларды мектепке дейін жеткізеді және жиналу пунктіне дейін қайта әкеледі. Ата-аналар автобусты AstraBus мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады.

Компания қаладағы 11 мектептің ата-аналары арасында сауалнама жүргізген және 1 бала үшін 1 айға – 20 000 тг (5 оқу күні үшін), 23 500 тг (6 оқу күні үшін) тарифін енгізген. Төлем жасау мен тексеру баланың көліктік картасы арқылы жүргізіледі.

Дереккөзkazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support