- Advertisement -

Көл бетіндегі «тозақ босағасы» тұрғындардың зәресін алды (ВИДЕО)

158

- Advertisement -

АҚШ-тың Калифорния штатында көл бетінде пайда болған алып шұңқыр жергілікті тұрғындарды шошытты. Америкалық Калифорния штатының тұрғындары Беррисса көлінің ортасында пайда болған алып ойықты көргенде шошып, арнайы қызметтерге хабарласа бастаған, ол ойық жұмбақ иірімді еске түсірді.

The Sun басылымының мәліметінше, тұрғындар бұл құбылысты «тозақ босағасы» деп атады. Кейін оның жай ғана су ағызғыш екені анықталды. Ол көлдегі су деңгейі көтерілген кезде іске қосылады екен.

Айта кетейік, 1997 жылы көлде жүзуші ер адам қайтыс болды. Ол су ағызғышқа жақын жерде болған. Ер адам 20 минуттан аса уақыт бойы су ағызғышпен арпалысып, кейін жоқ болып кеткен.

http://

Дереккөз: tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support