- Advertisement -

қырман мол, көңіл тоқ

107

- Advertisement -

облыста ақ егістен әр гектардан 24,1 центнерден өнім алынды

Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға республикалық және жергілікті қазынадан 15,8 миллиард теңге бөлінген. Жыл басынан бері өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 73,5 миллиард теңгені, оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің көлемі – 59,3 миллиард, ал егін шаруашылығы өнімі 13,9 миллиард теңгені құраған. Үстіміздегі жылы 630,1 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары ораластырылып, жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 32,2 мың гектарға артқан. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 274,8 мың, майлы дақылдар 89,8 мың, қант қызылшасы 9,5 мың, картоп 9,5 мың, көкөніс-бақша дақылдары 39,5 мың, мал азығындық дақылдар 207,5 мың гектар алқапқа өсірілді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифингте облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев осындай деректерді алға тартты. Бүгінде облыс бойынша егін ору науқаны аяқталған. 258,5 мың гектар алқапқа егілген ақ егіс толықтай орылып, дәні бастырылыпты. Гектар қайтарымы орташа есеппен 24,1 центнерден айналып, 623,5 мың тонна астық қамбаға құйылған. Т.Рысқұлов пен Меркі аудандары биыл әр гектардан 25 центнерден өнім алып, көш бастағанын атап өту ләзім.
Басқарма басшысының орынбасары өңірде кейінгі жылдары басымдық берілген қант қызылшасы туралы да тарата айтып берді. Алдағы жылы егіс көлемі 602,7 мың гектарға жоспарланып отырғанын жеткізген хабарламашы журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісінше жауаптар қайтарды.

Амангелді ӘБІЛ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support