- Advertisement -

қордайда егін орағы аяқталды

83

- Advertisement -

Қордайлықтар егін орағын аяқтады. Аудан бойынша 45615 мың гектар арпа мен бидай орылып алынды. Өнімділік орта есеппен гектарына 24 центнерден айналды. Ал әрқайсысында мыңнан екі мың гектарға дейін бітік астық өсірілген бірқатар агроқұрылымдарда көрсеткіштер бұдан да жоғары. Мәселен, «Мерей» шаруа қожалығында (басшысы Мэлс Асанқұлов) астықтың түсімі гектарына – 33, «Благовещенка» ЖШС-да (Өмірәлі Варшакидзе) 28 центнерден, «Қақпатас-Қордай» (Дүйсехан Қошалиев), «Нұрал» ЖШС-тарында (Дүйсен Онгелдиев) гектар қайтарымы 25 центнерден, «Сұлутөр» ЖШС-да күздік бидайдың өнімділігі гектарына жиырма бес центнерден айналды.

Құрманбек Әлімжан,
«Ақ жол».

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support