- Advertisement -

Көрсеткіш көңіл қуантады

106

- Advertisement -

Өңіріміздегі «Тіркелген халық тіркелімі» порталының филиалы облыс бойынша халық саны былтырғы жылдың 1 маусымына 1074637, ал биылғы жылдың сәйкес мерзімі ішінде 1091605 бірлікті құрағанын жариялады. Атап айтқанда, 2017 жылы өңірімізде халық саны 16968 адамға өскен.
Туу көрсеткіші (1000 адамға шаққанда) «Млад» ААЖ бойынша биылғы 1 маусымда 8,8-ді көрсеткен. Өлім-жітім (1000 адамға шаққанда) 2016-2017 жылдары (1 мамырға дейінгі көрсеткіш бойынша) 2,3 құрапты. Нәресте өлім-жітімі (1000 тірі туғандарға шаққанда) 23,1 пайызға (2017 жылдың 1 маусымына – 8,0, 2016 жылдың 1 маусымына – 10,4) төмендеген. Ал аналар өлім-жітімі биылғы жартыжылдықта мүлде тіркелмеген. Бұл да қуанарлық жетістік.
Сондай-ақ туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші былтырғы жылмен (1,5) салыстырғанда 2017 жылдың 1 маусымында 40 (0,9), тыныс ағзалары, жұқпалы және паразитарлы аурулары бойынша 8,7 пайызға төмендеуі байқалып отыр. Алғаш тіркелген аурулардың саны (100 000 адамға шаққанда) 2016 жылмен салыстырғанда (30314,4) 2017 жылдың 1 маусымына 27167,2 төмендеді, онын ішінде келесі аурушаңдықтар төмендеді: қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық (2017 – 57,4, 2016 – 58,8), қант диабетімен сырқаттанушылық (2017 – 80,3, 2016 – 83,6), психикалық бұзылулармен сырқаттанушылық (2017 – 14,1, 2016 – 14,6), мерез ауруымен сырқаттанушылық (2017 – 10,4, 2016 – 12,9) болды, – дейді бұл тұрғыда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы медициналық сараптамалық секторының жетекші маманы Жәудір Смайлова.

Баймаханбет АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support