- Advertisement -

Қазақстанның “ең лайықты азаматтары” анықталды

63

- Advertisement -

Бүгін, 26 желтоқсан күні “Қазақстанның лайықты азаматтары” жобасының қорытындысы жарияланды.

Бұл туралы BI Group Holding компаниясының Фейсбуктегі ресми парақшасы хабарлады. 15 қараша мен 25 желтоқсан аралығында қазақстандықтар өмірлік көзқарасы мен қоғамдық еңбегі тұрғысынан дараланған тұлғаларға дауыс берді. Жалпыхалықтық дауыс бері кезінде 10 үміткер қатысқан: Алмаз Ержан, Әзиз Заиров, Марина Чейшили, Карла Нур, Нағима Плохих, Мұрат Қабылбаев, Азамат Темірбаев, Жансая Әбдімәлік, Дмитрий Родин және Ермек Тұрсынов. Ұйымдастырушылар, олардың әрқайсы болмасын осы бір атақты иеленуге лайықты дейді. Ал дауыс беру нәтижесінде Мұрат Қабылбаев пен Марина Чейшвили ұара үзіп шыққан. BI Group басшылығы екеуін де үздік деп танып, екеуіне де Астана қаласынан екі бөлмелі пәтер сыйлауды ұйғарған. “Ұйымдастырушылар комитеті екеуіне де пәтер беруді жөн деп тапты. Марина Астанада пәтер жалдап тұрады, ешқашан жеке баспанасы болған емес. Мұраттың ауылда үйі болғанымен, онда оншақты баласы өсіп келеді”, – дейді жоба ұйымдастырушылары. Дауыс берушілер де екі кандидат та жеңіске лайықты деп санайды. “Марина Чейшвилидің ерік-жігері мен қамқорлығы біздің азаматтардың жүректерін тебірентті. Ол онкологиялық аурулармен күресіп келеді. Мұрат Қабылбаевтың да ісі көпге үлгі боларлық. Екі қазақстандық та қоғамдағы өзекті мәселемен айналысып, балалар үйінен сәби асырап алып, ержеткізіп, өсіруде”, – дейді ұйымдастырушылар. Ұйымдастырушылар өзге сегіз үміткерді де назардан тыс қалдырмайды. Олардың әрқайсына 500 мың теңгеден сыйақы үлестіріледі. 15 қарашада бастауын алған жоба ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. bi-azamat.kz сайтына еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам үміткерден өтініш келіп түскен. Осы ретте ұйымдастырушылар комитеті Аружан Саин, Ерлан Қарин, Айгүл Мукей, Айдос Сарым, Айбек Алдабергенов, Вадим Борейко, Әсел Қарауылова, Сергей Пономорев, Досжан Табылды, Әлішер Елікбаев, Ержан Рашев, Денис Кулькин, Нүркен Халықберген, Евгений Кочетов сынды азаматтарға тәуелсіз сарапшы ретіндегі еңбектері үшін алғыс білдіреді. Олар екі мыңнан астам адамның ішінен лайықты деген санаулыларын таңдап алды. Марапаттау рәсімі 26 желтоқсан күні 15.30-да орталық коммуникациялар қызметі залында өтеді.

ақпарат көзі stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support