- Advertisement -

Головкин «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер болды

79

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Boxingnews24.com журналисі Крис Уильямс «2016 жылдың үздік боксшысы» атағына өз номинанттар тізімін құрды, деп хабарлайды Sports.kz.  Оған Василий Ломаченко, Теренс Кроуфорд, Карл Фрэмптон, Роман Гонсалес, Энтони Джошуа, сондай-ақ Геннадий Головкиннің есімі енген. Уильямстың пікірінше, «Жылдың үздік боксшысы» атағына Ломаченко лайық. «Головкиннің Доминик Уэйд пен Келл Брукты жеңіп, бір жылда екі жеңіске жетуі де үздік боксшы атану үшін жеткіліксіз. Брук — жақсы боксшы, бірақ ол жартылай орта салмақта. Головкин бұл кездесуден бас тартып, өз салмағынан лайықты қарсылас іздеуі керек еді. Ал Бруктың бесінші раундта нокаут алуынан кейін, Головкиннің бокс қауымында беделі қалмады. Керісінше, жанкүйерлер GGG-ді соққы жіберіп алғаны үшін сынады. Қызық, егер жекпе-жекті тоқтатпағанда, Брук жеңе алар ма еді? Біз мұны ешқашан біле алмаймыз. Біздің бар білеріміз, сол айқаста Головкин тым нашар көрінді. Жалпы, Головкин биыл жеткілікті кездесу өткізбеді және «Жылдың үздік боксшысы» атағын жеңіп алу үшін де, қарсыластары лайықты болған жоқ», — деп жазды автор.

ақпарат көзі kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support