- Advertisement -

Илья Ильиннің тәрбиеленушілері әлем чемпионатында жеңіске жетті

58

- Advertisement -

Дмитрий Шубаба Болгарияның Благоевград қаласында өтіп жатқан есту органдары бұзылған спортшылар арасындағы қол күресінен Әлем чемпионатында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Дмитрий Шубаба жастар және юниорлар арасында қол күресінен Ұлттық команданың қоржынына әлем чемпионатының қос медалін салды.

Дмитрий сол қолмен күресте «қоланы» еншілесе, оң қолмен сайыста «күмісті» олжалады.

Сонымен қатар жастар арасында сол қолмен күресте ақмолалық спортшы Данило Борисов сегізінші, оң қолмен алтыншы орынға тұрақтап, болашағынан мол үміт күттіретінін байқатты.

Жігіттерді атақты армрестлер, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының 13 дүркін чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, 8 дүркін Азия жеңімпазы, көкшетаулық Илья Ильин жаттықтырады.

Естеріңізге сала кетсек, жарыста жүлделерді әлемнің 75 елінің 1600-ден астам спортшысы сарапқа салды.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support