- Advertisement -

Трансамерикандық пирамида

148

- Advertisement -

Трансамерикандық корпорацияның халықаралық штаб-пәтері саналатын бұл ғимарат әлемдегі ғажайып пирамидалар қатарына кіреді. Ол, сондай-ақ Сан-Францискодағы (Калифорния штаты) ең биік ғимарат болып саналады. Оның құрылысы 1972 жылы аяқталған. 48 қабатты, биіктігі 260 метр, оның ішінде, шпилінің биіктігі – 65 метр. Шпиль алюминий панельдермен қапталған, оның үстінде радиолокация орналасқан. Бұл қабылдағыш сигнал жер сілкінуді алдын ала болжау үшін орнатылған. Пирамиданың пішіні оның айналасындағы орасан зор алаңға жарық түсіп тұруына мүмкіндік туғызады. Ғимарат қанша зор көрінгенімен, көлемі жағынан Гизадағы Хеопса пирамидасынан кіші.
Сәулетшілер тобы Л.Уильям, Перейра және жолдастары пирамиданы салу кезінде құрылыс материалдарына бетон, шыны және құрышты пайдаланған. Оның иілгіш қаңқасы жер сілкінуден болатын дірілдің әсерін жоятын болған.
Трансамерикандық пирамиданың ең жоғары қабатынан Сан-Францисконың ғажайып көріністерін, Алтын Қақпа көпірін тамашалауға болады.
29 қабатта лифт орналасқан екіаралық баспалдақ және мұржа бар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support