- Advertisement -

Иван Дычко: Жеңілуіме өзім кінәлімін

68

- Advertisement -

Қазақстандық боксшы Иван Дычко  Олимпиаданың жартылай финалында британдық Джо Джойспен жекпе-жектегі жеңілісі жайлы айтып берді.

«Осылай жасағанда, былай болмағанда деп ештеңе айтқым келмейді, қолымнан келгенін жасадым, — деді«Хабарға» берген сұхбатында Дычко. — Соңғы раундта шаршап қалдым, бар күшімді салдым. Бұйырғаны сол. Физикалық тұрғыдан ұтылдым, Джойс раундтан раундқа тынысы кеңейетін мықты боксшы. Жеңілдім, бұған ешкім де кінәлі емес. Бұл медальға қуанып та тұрғаным жоқ, өкпем де жоқ. Төрт жыл бұрын «қола» алғаным көңілімді түсірген еді. Осы жолы барға қанағат тұтуды жөн санадым».

Иван Дычко Олимпиадада өзінің екінші қола медалін иеленіп, Қазақстан қоржынына 16-шы награданы салды.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support