- Advertisement -

РИО-2016: 20 тамыз күні жарыс жолына таеквандошы Руслан Жапаров шығады

77

- Advertisement -

Бразилиядағы Олимпиада ойындарының он бесінші күні қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бәсекеге түседі.

Сағат 18:40-та байдаркашылар Ирина Подойникова, Зоя Ананченко, Наталья Сергеева пен Инна Клинова В жұбаныш финалында 500 метрлік жарысқа шығады, деп жазады Sports.kz.

Байдаркашылар Александр Емельянов, Сергей Токарницкий, Илья Голендов пен Андрей В жұбаныш финалында 1000 метрлік жарысқа сағат 19:04-те шығады.

Сағат 19:00-де еркін күрестен Аслан Кахидзе (86 келіге дейін) беларусьтік Омаргаджи Магомедовпен кездеседі, ал 19:40-та 1/8 финалдық бәсекеде Дәулет Шабанбай (125 келіге дейін) Беларусь елінен келген Ибрагим Саидовпен кілемге шығады.

Ал Астана уақыты бойынша 21:00-де бессайысшы Павел Ильяшенко медаль үшін таласады.
21:45-те Рио Олимпиадасындағы алғашы жекпе-жегін ту ұстап шыққан таэквандошы Руслан Жапаров (80 келіге дейін) 1/8 финалға әзербайжандық Радик Исаевпен өткізеді.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support