Рио-2016: Қазақстан жалпы медальдар санын бүгін 17-ге жеткізді

Рио-2016: Қазақстан жалпы медальдар санын бүгін 17-ге жеткізді
ашық дереккөз
Рио-2016: Қазақстан жалпы медальдар санын бүгін 17-ге жеткізді
Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар санын 17-ге жеткізіді. Бұл -бұрын-соңды болмаған көрсеткіш, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Рио Олимпиадасы тәуелсіз Қазақстан спортшылары қатысып жатқан 6 жазғы олимпиада ойындары. Осыған дейін 5 Олимпиадаға қатыстық. Бірақ, дәл осындай жалпы медальдар санын 17-ге жеткізіп көрген жоқпыз. Атланта Олимпиадасы Спортшы саны - 94 Спорт түрі - 15. Медаль саны - 11 Командалық есеп - 24.   Сидней Олимпиадасы Спортшы саны - 130 Спорт түрі - 18 Медаль саны - 7 Командалық есеп - 22.   Афины Олимпиадасы Спортшы саны - 114 Спорт түрі - 18 Медаль саны - 8 Командалық есеп - 40. Бейжің Олимпиадасы Спортшы саны - 129 Спорт түрі - 20 Медаль саны - 13 Командалық есеп - 29.   Лондон Олимпиадасы Спортшы саны - 115 Спорт түрі - 20 Медаль саны - 13 Командалық есеп - 12.   Рио Олимпиадасы Спортшы саны - 104 Спорт түрі - 26 Медаль саны - 17 (Бүгінге дейінгі есеп. Әлі де қоржынымыз медальмен толығуы мүмкін).

Командалық есепте әзірге 20-орында келеді.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар