Денсаулық
Таразда әр аптаның сенбісінде көшпелі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
- author «Ақ жол»
- 6 сәуір, 2024
- 1696

Таразда әр аптаның сенбісінде көшпелі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Бүгін Тараз қаласы «Жастар» аллеясының алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жәрмеңкеге келушілердің қатары өте көп болды. Мұнда шаһар тұрғындары облысымыздың бес ауданынан келген табиғи өнім өндірушілердің тауарларын ешқандай делдалсыз, нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен алуға мүмкіндік алды.
Жәрмеңкені ұйымдастырушы Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Таңатаровтың айтуынша, мұнда жалпы құны 19,8 миллион теңгені құрайтын 34,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды.
- Бүгінгі жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Меркі, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының аумағындағы ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкерлердің тауарлары сөреге қойылды. Бұл кәсіпкерлер мемлекет тарапынан төмендетілген пайызбен несие немесе қайтарымсыз грант алып өз істерін дөңгелеткен азаматтар. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, тиісінше кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Тараз қаласының адам саны көп шоғырланған аумақтарында әр аптаның сенбісінде дәл осындай көшпелі жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - дейді Ж.Диханбекұлы.Айта кетейік, жыл басынан бері ауылшаршалық жәрмеңкесі қатырынан төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Семіздік те дерттің бір түрі екенін білесіз бе?
- 10 шілде, 2025
Ауруға - ем, сауға қуат бер
- 10 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді