- Advertisement -

Рио-2016: Дариға Шәкімова бокстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды

66

- Advertisement -

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін жартылай финалда 75 келі салмақта жұдырықтасқан боксшы аруымыз Дариға Шәкімова  америкалық Кларесса Шилдстан ұтылып, қола жүлдегер атанды,  деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Шәкімова әйгілі қарсыласымен тең дәрежеде өнер көрсетті. Аса тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысында төрешілер шешімімен америкалық боксшы қыз жеңімпаз деп танылды. Нәтижесінде қазақтың қаракөз қызы қола медальға қол жеткізді.

Осылайша Дариға қазақ қыздары арасынан тұңғыш бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Шәкімова ең алғашқы жекпе-жегінде канадалық қарсыласы А. Фортинмені 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Одан кейін ¼ финалда ол қарсыласы ресейлік Ярослава Якушинаны 3.0 есебімен жеңген  болатын.

Еске сала кетейік, Дариға Шәкімова Петропавл қаласында дүниеге келген.Жетістіктері: Азия чемпионы (2010); Қазақстан чемпионы (2013); Қазақстан чемпионы (2014); Азия чемпионы (2015); Қазақстан чемпионы (2016); Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Шәкімова Олимпиада ойындарына жолдаманы Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынған турнирде жеңіп алды. Олимпиада ойындарына биыл тұңғыш рет қатысты.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support