Рио-2016: Ғалымжан Өсербаев та жүлдесіз қалды

Рио-2016: Ғалымжан Өсербаев та жүлдесіз қалды
ашық дереккөз
Рио-2016: Ғалымжан Өсербаев та жүлдесіз қалды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен балуанымыз Ғалымжан Өсербаев та жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарарт тілшісі.
Ол қола медаль үшін өткен белдесуде түрік балуаны Сонер Демирташқа 6:0 есебімен жол берді. осылайша қола тұрған қола медальдан айырылып, елге жүлдесіз оралатын болды. Өсербаев осыған дейінгі белдесулерінде алдымен молдавиялық Евгения Недялконы қапы қалдырды. Одан кейін, 2014 жылы Ташкентте өткен ӘЧ-да күміс жүлде еншілеген Сосукэ Такатаниді жеңді - 4:3 есебімен ұтып, жартылай финалға дейін жеткен болатын. Алайда, ол жарылай финалда ирандық Хасан Язданиге есе жіберген. Міне, енді ең маңызды белдесуінде ол тағы да ұтылып қалды. Естеріңізге сала кетейік, осыған шамалы уақыт бұрын Нұрислам Санаев та қола медаль үшін өткен белдесуінде  қарсыласына жол беріп, жарысты жүлдесіз аяқтаған еді.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар