- Advertisement -

Қазақстанның ауыр атлеттерін бір жылға жарыстардан шеттететін болды — IWF шешімі

78

- Advertisement -

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян AFP агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның дисквалификацияға ұшырайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kzтілшісі kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиадаларда спортшылардан алынған қан сынамаларының ірі тексерісінен көп адамның ағзасында тыйым салынған заттардың анықталуы себеп болып отыр екен.

«Рио Ойындарынан кейін бұл елдердің ұйымға мүшелік етуін тоқтатамыз. Бұған кепіл бола аламын. Бұл елдер — Ресей, Қазақстан және Беларусь», — деді Аян.

Оның айтуынша, ендігіде соңғы екі Олимпиадада үш спортшысынан допинг табылған жағдайда бір жылға дисквалификацияға ұшырайтын болыпты. Бастапқыда IWF Қазақстан мен Беларусті Рио Ойындарына жібергісі келмеген, бірақ ХОК өткен Олимпиадалардағы барлық алдыңғы допинг-сынамаларды тексеріп үлгермегендіктен тыйым сала алмаған еді.

«Қайта жасалып жатқан сараптамалар аяқталған жоқ. Қосымша мәлімет күтіп отырмыз, мүшелігі тоқтатылатын тағы бірнеше ел болады деп ойлап отырмын. Біз ауыр атлетиканы спорттың таза түріне айналдырғымыз келеді және оның бір ғана жолы бар — біздің ережелерді бұзатын елдерге тыйым саламыз. Қай елдің мүшелігі тоқтатылатынын қыркүйек айының соңында жария етеміз деп ойлаймын.», — деді Аян.

Ауыр атлетика федерациясының басшысы Токиодағы Олимпиадада бұл спорт түрінің абыройы басқа болады деп есептейді.

«Біз толықтай допингтен құтыламыз деп айта алмаймын. Бірақ мен сенемін, 2020 жылға дейін жағдай өзгереді», — деп мәлімдеді Аян.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support