- Advertisement -

Е.Ыдырысов ҚР Президентінің алдағы халықаралық сапарларының кестесін жария етті

110

- Advertisement -

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелге баратын сапарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің Президенттің халықаралық бағдарламасындағы жұмысы өте тығыз. Осы ретте Польшаға, Сербияға сапарлар жоспарланған, сонымен қатар біз қыркүйекте Қытайдағы G20 Саммитіне шақырылдық. Бұдан бөлек, Елбасы күзде Жапонияға, Кореяға сапарлайды, сондай-ақ Әзербайжан мен Арменияға, Сауд Арабиясы Корольдігіне және Иорданияға барады. Мұнымен қоса, басқа да шаралар өткізіледі. Қыркүйектің орта кезінде біз ТМД-ның 25 жылдығын атап өтпекпіз», — деді министр еліміздегі шетел дипломатиялық корпусы өкілдеріне арналған брфингте.

Е. Ыдырысовтың айтуынша, 2017-2018 жылдары Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігінде өзіне жауапкершілікті алуға байыппен дайындалуда. Осы орайда мүшелік бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның сайлануына өте қуаныштымыз. Бұл тұрғыда сіздердің қолдауларыңызға, ынтымақтастық жұмыстарыңызға үлкен алғысымызды айтамыз», — деді министр еліміздегі шетел дипломатиялық корпусы өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support