- Advertisement -

Рио-2016: Қазақстан тарапы Левит-Тищенко жекпе-жегіне қатысты ұстанымын жария етті

73

- Advertisement -

Қазақстан бокс федерациясы Рио Олимпиадасының финалында орын алған Левит пен Тищенко жекпе-жегіндегі дауға қатысты пікірімен бөлісті.

«Барша қазақстандықтар секілді біз де сол кездесуді тамашалаған болатынбыз, Василийдің финалдық жекпе-жегін қарап, тақым қыстық, Василий Левит жеңіске жетті деп санаймыз, алайда төрешілердің шешімі басқа болды. AIBA президенті Чинг Куо-Ву мәлімдегеніндей, қандай болса да, қазылардың шешімін сыйлау қажет. AIBA ережесі бойынша, қазылар шешіміне қатысты шағымдар қабылданбайды, сондықтан өз қарсылығымызды білдірген жоқпыз. Біздің федерация AIBA жүйесінде, AIBA — ұлттық федерацияларға жетекшілік ететін ұйым. Сондықтан біз одан асып кете алмаймыз. Бізге келесі Олимпиадада, әлем чемпионаттарында, Азия біріншіліктерінде бірге жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті AIBA саясатын ұстануымыз керек», — деп атап өті ҚБФ қазылар комиссиясының төрағасы Аслан Игубаев.

Еске сала кетейік, Рио Олимпиадасының финалында қазақстандық боксшы Василий Левит ресейлік спортшы Евгений Тищенкоға қарсы кездесу өткізді және төрешілердің шешімімен 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Дегенмен, ресейлік боксшыны бұрыштан-бұрышқа қуалап жүріп ұрған қазақстандыққа барша әлем қолдау білдіріп, жекпе-жектің әділ өтпегеніне наразылық танытуда.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support