- Advertisement -

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан мен Ресей қатынасы үлгі боларлықтай

72

- Advertisement -

Сочиде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланып, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің барынша өзекті аспектілеріне қатысты пікір алмасты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы G20 саммиті, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі, өңіраралық ынтымақтастықтың қазақстандық-ресейлік форумы аясындағы кездесулерге дайындық барысын қарады.

Мемлекет басшысы В. Путинге Ресей өңірлерін дамытуға оның күш салғанын атап өтіп, Сочиге шақырғаны үшін алғыс білдірді. Н. Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың қарқынына көңілі толатынын және Қазақстанның оны одан әрі жылжыту бойынша ұмтылысын атап өтті.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support