Қ.Тоқаев: Алтын жалатылған күміс медаль

Қ.Тоқаев: Алтын жалатылған күміс медаль
ашық дереккөз
Қ.Тоқаев: Алтын жалатылған күміс медаль
ҚР Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында қазақстандық боксшы Василий Левитті Рио Олимпиадасындағы сәтті өнерімен құттықтады. Ол өз жазбасында Левиттің күмісі алтыннан да ардақты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
 «В.Левит бокстан ақтық бәсекеде керемет өнер көрсетті. Соның нәтижесінде барша жанкүйердің зор ықылас-құрметіне ие болды. Қорытындысында - алтын жалатылған Күміс медаль», - деп жазады Сенат Төрағасы.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық зілтеміршілердің олимпиададағы жетістіктерін де жоғары бағалады. «Біздің зілтеміршілер Олимпиадада өздерінің жоғары деңгейін көрсетуде. А. Зайчиков қола медальді жеңіп алды, жақсы нәтижесімен құттықтаймын!» - деді ол.

Ақпарат көзі: bAQ.KZ

Ұқсас жаңалықтар