- Advertisement -

Колледж заман талабына сай мамандар даярлайды

119

- Advertisement -

Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 77-қадамында экономиканың алты негізгі саласы үшін 10 алдыңғы қатарлы колледж және 10 жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату белгіленді.
Осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» Холдингі жүргізген іріктеу негізінде еліміздегі 811 колледж арасынан таңдалған 10 колледждің қатарына Жамбыл политехникалық колледжі енді.
Қазіргі таңда оқу орнында 23 мамандық бойынша барлығы 2549 студент білім алуда. Мемлекеттік білім тапсырысы негізінде 1662 студент, оның ішінде республикалық бюджет — 299 студент, жергілікті бюджет – 1303 студент (оның ішінде 60 студент оқытудың сырттай нысаны бойынша). Қызметкерлердің кадрлық әлеуеті 424 адамды құрайды, оның ішінде 201оқытушы, 14 оқу өндірістік шеберлері, 209 қызметкер еңбек етуде.
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында колледж дуалдық және электрондық оқыту бойынша пилоттық режімде жұмыс істеуде.
2013 жылы колледж «Техникалық және кәсіби білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Дүниежүзілік Банк заемдарының қолдауымен 57 миллион теңге грант ұтып алып, негізгі мамандықтың оқу базасы толығымен жаңартылды. 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 25 миллион теңге қаражат бөлініп колледждің материалдық техникалық базасы нығайды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 0816000 «Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)» мамандығына сәйкес білікті кадрларды дайындау бойынша келісім жасалды.
Дуалдық оқыту жүйесі бойынша 25 оқытушы шетелдерде — Германия, Сингапур, Финляндия, Түркия, Ұлыбритания, Франция мемлекеттерінде біліктіліктерін арттырды.
Материалдық-техникалық базаның жаңа өндірістік жабдықтармен жасақталуы дуалдық оқытуды колледж базасында 2-курстан бастап өткізуге мүмкіндік беруде. Оқу орны өңірдің ірі салалық кәсіпорындары «Қазфосфат» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «Құрылыс — Полимер» ЖШС, «Энерджи-Тараз» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Тараз Пасс Транс» ЖШС, «Имсталькон» АҚ және орта бизнес мекемелерімен келісім-шарттар, меморандумдар жасап, әріптестік қатынастарымыз дамып келеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуалды білім беру жүйесінің жол картасын бекіту туралы қаулысы негізінде «Қазфосфат» ЖШС-да өндірістік алаң ашылды.
Дуалдық оқыту жүйесінің артықшылығы – түлектердің жұмысқа орналасуын шешуге мүмкіндік береді.
Осының нәтижесінде 2014 жылы колледжді дуалдық оқыту бойынша бітірген 169 түлектің 135-і (80%) жұмыспен қамтылды.
Өткен жылы білім жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл политехникалық колледжі «Сала көшбасшысы» атағына ие болды. Оқу орны «Сала көшбасшысы 2015» алтын VIP-форматтағы қабырға медалімен және «Сала көшбасшысы 2015» ұлттық сертификатымен марапатталды. Колледжіміз ұлттық бизнес-рейтингтің жетекшілер тізіміне енуі жоғары мәртебе. Өңірде бірінші болып институционалды және мамандырылған аккредиттеуден сәтті өтті. Алдағы уақытта да Жамбыл политехникалық колледжінің ұжымы экономиканы дамытуға елеулі үлес қосу үшін аянбай еңбек ететін болады.
Биылдан бастап «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталады. Оған қатысу, әсіресе, жас қазақстандықтарға олардың өмірлерінде кәдеге асатын алғашқы еңбек дағдыларын алуға жағдай жасайды.
Иә, Жамбыл өңірін химиктер отаны деп атайды. Осындағы ел экономикасында өзіндік орны бар «Қазфосфат» сынды алып кәсіпорынға жас мамандар даярлауда Жамбыл политехникалық колледжінің орны бөлек. Уақыт талабына сай білікті де білімді кадрлар әзірлеу колледждің басты мақсаты. Бұл жолда мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қамқорлық пен қолдауды ұғына отырып колледж ұжымы аянбай еңбек ете бермек.

Ұлбике Жұмаділова,
колледж әдіскері.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support