- Advertisement -

Балалар үйінен бес бала асырап алған полицей

114

- Advertisement -

Меркі ауданының 38 жастағы тұрғыны, жергілікті полиция қызметінің аға сержанты Ғалым Арыстанбаев – үш ұлдың әкесі. Ол, сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бес бірдей ұл-қызды жан жылуына бөлеп отыр. Балалар үйіндегі бір жанұядан болғандықтан, төртеуін бөлмеуді жөн деп тауыпты. Тек біреуін ғана «Үміт» бөбекжайынан асырап алған.
Отағасы отбасылық үлгідегі балалар үйін құру идеясы ең алдымен келіншегі Әлияның ойына келгенін айтады. «Қазір бұл ісімізге еш өкінбейміз. Отбасым үлкен. Мұны әрқашан армандағанмын. Әйелім екеуміздің отасқанымызға он жылдай болды. Қасымызда балаларымыз, анам, туыстарым бар. Олардың дендері сау. Ең бастысы – сол. Мен өзімді ең бақытты жанмын деп есептеймін», – дейді Ғ. Арыстанбаев.
Айта кету керек, оның отбасы құрамында түрлі ұлт өкілдері болуымен де ерекшеленеді.

Нұрболат Әбдіғалиұлы.

Меркі ауданы.

Меркі ауданының 38 жастағы тұрғыны,  жергілікті полиция қызметінің аға сержанты Ғалым Арыстанбаев – үш ұлдың әкесі. Ол, сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бес бірдей ұл-қызды жан жылуына бөлеп отыр. Балалар үйіндегі бір жанұядан болғандықтан, төртеуін бөлмеуді жөн деп тауыпты. Тек біреуін ғана «Үміт» бөбекжайынан асырап алған. Отағасы отбасылық үлгідегі балалар үйін құру идеясы ең алдымен келіншегі Әлияның ойына келгенін айтады. «Қазір бұл ісімізге еш өкінбейміз. Отбасым үлкен. Мұны әрқашан армандағанмын. Әйелім екеуміздің отасқанымызға он жылдай болды. Қасымызда балаларымыз, анам, туыстарым бар. Олардың дендері сау. Ең бастысы – сол. Мен өзімді ең бақытты жанмын деп есептеймін», – дейді Ғ. Арыстанбаев.Айта кету керек, оның отбасы құрамында түрлі ұлт өкілдері болуымен де ерекшеленеді.
Нұрболат Әбдіғалиұлы.
Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support