Жас жұбайлар жетім балаларды лимузинмен қыдыртты

Жас жұбайлар  жетім балаларды  лимузинмен қыдыртты
ашық дереккөз
Жас жұбайлар жетім балаларды лимузинмен қыдыртты

Тараздағы ЖД 158/2 колониясының қызметкері Әділет Жарықбасов өзінің шаңырақ көтеру қуанышын жергілікті мектеп-интернаттың балаларымен бөлісуді құп көрді. Жас жұбайлар Әділет пен Диляра өз ата-аналары бас тартқан, ақыл-есі кем балалар оқитын мектеп-интернатқа құр қол бармады. Олар әкелген бірнеше үлкен торт пен түрлі сыйлықтарды көргенде, балалардың қуанышында шек болмады. Ақ тілектерін жеткізіп, ән айтып, өлеңдерін оқып берді. Одан әрі балалар лимузинге отырып, жас жұбайлармен бірге қаланы аралады. «Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар